Қорғанбай Әлімжан Өмірсерікұлы

    Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылының әкімі

    Қорғанбай Әлімжан Өмірсерікұлы
    Аким

    Қорғанбай Әлімжан Өмірсерікұлы

    Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылының әкімі

    Өмірбаян

    Мен Қорғанбай Әлімжан Өмірсерікұлы 1968 жылы 3 маусымда Шалқар ауданы Талдықұм ауылында өмірге келдім. 1975 жылы Талдықұм ауылындағы негізгі мектепке бірінші сыныпқа қабылданып, 1985 жылы Шалқар қаласындағы №1 қазақ орта мектебінен оныншы сынып бітірдім. Мектеп бітіргеннен кейін өзім туып өскен жерім Талдықұм ауылына келіп, жұмысшы болып әртүрлі жұмыстар атқардым. 1986 жылы Кеңес әскері қатарына шақырып, Киров облысы, Кирово- Чепецк қаласында әскери борышымды өтедім. Әскерден келгеннен кейін Шалқар ауданы, Шалқар совхозында жұмысшы болып бір жыл істеп, 1989 жылы Ақтөбе педогогикалық институтына дайындық бөліміне оқуға қабылдандым. Дайындық бөлімінен кейін, 1990 жылы аталған институттың педогогикалық факультетіне бірінші курсқа қабылданып, 1994 жылы Қ.Жұбанов атындағы институтты бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шықтым.

    1994 жылы Қ.Жұбанов атындағы институтты аяқтап Талдықұм орта мектебіне бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасып, 1996 жылы аталған мектепке директор болып тағайындалдым. 1997 жылдың қараша айынан Мұғалжар ауданы Ембі қаласы №49 теміржол орта мектебіне директор болып ауысып он жыл абыройлы, тыңғылықты директор қызметін атқардым. Директор қызметінде жүргенде 2003- 2007 жылдары Мұғалжар аудандық маслихатына Ембі, Юбилейный сайлау учаскесі арқылы депутат болып, тұрғындар сеніміне ие болдым. 2007 жылдан Ембі қаласы әкімінің орынбасары болып бір жыл қызмет атқарып 2008 жылы Мұғалжар ауданы Жем қаласының әкімі қызметіне тағайындалдым. 2011 жылдың 10 маусымынан 2013 жылдың 8 тамызына дейін Ембі қаласының әкімі болып тағайындалдым. 08.08.2013 - 26.08.2013 аралығында Ембі қаласының әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалдым. 2013 жылдың 26 ​​тамызынан 2016 жылдың 27 қыркүйегіне дейін Ембі қаласының әкімі қызметін атқардым. 2016 жылдың 28 қыркүйегінен 2017 жылдың 12 қаңтарына дейін Қандыағаш қаласы әкімінің міндетін атқарушысыболып жұмыс істедім. 12.01.2017 бастап 02.02.2017жылға дейінҚандыағаш қаласының әкіміболыпсайландым. 02.02.2017 жылдан бастап 05.04.2018 жылға дейін «Мұғалжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы болып тағайындалдым. 05.04.2018 жылдан 21.06.2018 жылға дейін Ембі қаласы әкімінің міндетін атқарушы болып жұмыс істедім. 2018 жылдың 21 маусымы мен 2022 жылдың 14 наурызы аралығында Ембі қаласының әкімі болдым. Қазіргі уақытта 2022 жылдың 14 наурызынан бастап Мұғалжар ауылының әкімі болып тағайындалдым.