Жанәбіл Болат Серікұлы

    Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары

    Жанәбіл Болат Серікұлы
    Заместитель руководителя

    Жанәбіл Болат Серікұлы

    Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    Жанәбіл Болат Серікұлы - Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары. 1982 жылы 17 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

    Шымкент экономика және құқық колледжін (қаржыгер), Қазақ гуманитарлық заң университетін (заңгер), Қ.А.Ясауи атындағы Қазақ түрік университетін (мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы), Аймақтық-әлеуметтік инновациялық университетін (педагогика және психология) мамандықтары бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2001 жылы Шымкент қаласы әкімінің көші-қон және тілдерді дамыту бөлімінде нұсқаушы болып бастаған.

    2002-2007 жылдары Шымкент қаласы әкімдігінің ішкі саясат және жастармен жұмыс жүргізу басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы болған.

    2007-2010 жылдары ОҚО ішкі саясат департаментінде бас маман, бөлім бастығы қызметін атқарған.

    2010-2012 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінде бас сарапшы болған.

    2012-2015 жылдары ОҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

    2015-2016 жылдары ОҚО Білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасында басқарма басшысының орынбасары болған.

    2016-2017 жылдары ОҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы қызметін атқарған.

    2017-2023 жылдары Түркістан облыстық білім басқармасының “Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі» МКҚК-ның директоры болған.

    2024 жылғы 24 қаңтардан бастап Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

    Болат Серікұлы басқарманың мемлекеттік идеология және саяси жұмыс, жастармен жұмыс бөлімдеріне жетекшілік етеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері