
Өмірбаян
Білімі жоғары. 2004 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінде «Тарих және география» пәні мамандығы бойынша және 2007 жылы Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Заңтану» мамандығы бойынша білім алған. 2021 жылы «Тарих педагогтарын даярлау» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесі берілді.
Еңбек жолын 2005 жылы Жамбыл ауданы әкімі аппаратының кадрлық және мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған. 2008-2011 жылдары аралығында Жамбыл ауданы әкімінің бас инспекторы;
2011 жылдың наурыз-желтоқсан айлары аралығында Жамбыл ауданы әкімдігінің білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі;
2011 жылдың желтоқсан айынан 2015 жылдың қарашасына дейін Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылдық округі әкімінің орынбасары;
2015 жылдың қараша айынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл ауданы, Полатқосшы ауылдық округінің әкімі қызметін атқаруда.