
Өмірбаян
Жүсіпбаев Алмат Қонысбайұлы 1988 жылы 5 қыркүйекте Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Аралбай ауылында дүниеге келді. Қазақстан Республикасының Азаматы.
1998 жылға дейін Қостанай облысының Ақбұлақ ауылында тұрды.
1995 жылы Қостанай облысы Ақбұлақ орта мектебінің 1 сыныбына барып, 1998 жылға дейін оқыды.
1998 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Айнакөл ауылында тұрады.
1998 жылдан 2004 жылға дейін Айнакөл орта мектебінде оқыды.
2004 жылдан 2006 жылға дейін Степногорск қаласындағы Спортта дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатында оқыды.
2006 жылы Көкшетау қаласының "Көкше" академиясына "дене шынықтыру және спорт" факультетіне оқуға түсті.
2008 жылдан 2009 жылға дейін Павлодар қаласында 6679 ә/б әскери қызмет өткерген. 2014 жылы "Көкше" академиясын бітірді .
2011 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қаңтар айына дейін "Semser Security"ЖШС жұмыс істеді.
2012 жылдың 4 қаңтарында Айнакөл орта мектебіне дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылданып, 2021 жылдың 27 шілдесіне дейін жұмыс істеді.
2021 жылғы 27 шілдеден бастап Айнакөл ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
Некеде, төрт баласы бар.