Мухтарханов Елжан Бокембаевич

    Қалғұты ауылдық округінің әкімі

    Мухтарханов Елжан Бокембаевич
    Аким

    Мухтарханов Елжан Бокембаевич

    Қалғұты ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Мухтарханов Елжан Бөкембаевич 05.07.1977 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Маралиха ауылының тумасы. Қазақстан Республикасының азаматы.Күршім ауданы, Қаратоғай ауылы, Қазбек би көшесі 11 мекенжайында тұрады.

    1994 жылы 25 маусымда Маралиха ауылындағы мектепті бітірді.

    1994 жылы 1 қыркүйекте Өскемен жол-құрылыс институтына «Автомобиль көлігін ұйымдастыру және көлікті басқару» мамандығы бойынша оқуға түсті.

    1999 жылы 30 маусымда Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің толық курсын бітірді.

    09.07.2001-2009 жылдары Күршім ауылында Шығыс Қазақстан облысы ТЖД ПЧ-40 мемлекеттік өртке қарсы қызметінде қарауыл бастығы болып қызмет атқарды.

    2009-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Күршім ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің аға тергеушісі, аға инженері қызметтерін атқарған.

    2010-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Күршім ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы қызметін атқарған.

    2013-2015 жылдар аралығында «ШҚО ТЖД ММӘҚБ» ММ Семей қаласы No2 отряды ПЧ-47 бөлімшесінің бастығы,

    2015 жылдан 2017 жылдың желтоқсан айына дейін «ВҚО ТЖД СПИД» мемлекеттік мекемесі Самара кентіндегі ПЧ-35 бөлімшесінің басшысы қызметін атқарды.

    2017 жылдың желтоқсан айында денсаулығына байланысты ішкі істер органдарынан босатылған.

    2018 жылдың маусым айынан 2019 жылдың қараша айына дейін Күршім ауданы «Күршім ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман.

    2019 жылғы қарашадан 2020 жылғы қаңтарға дейін Күршім ауданы Қалғұты ауылдық округі әкімінің м.а.

    2020 жылғы 16 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалғұты ауылдық округінің әкімі.