
Көбеген Мұқанбетжан Іңірбайұлы
"Бейнеу аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" ММ басшысы
Өмірбаян
Көбеген Мұқанбетжан Іңірбайұлы 1975 жылғы 25 қарашада Атырау облысында дүниеге келген. Білімі – жоғары, 1997 жылы Шахмардан Есенов атындағы Ақтау университетін "Мұнай-газ кен орындарын игеру және пайдалану" мамандығы бойынша тәмамдаған, 2006 жылы Қайнар университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша, 2009 жылы Орталық Азия университетін "Экономика" мамандығы бойынша бітірген.
15.01.1996 – 14.11.1997 – Маңғыстау өнер колледжінде музыкалық шебер, Ақтау қаласы;
04.11.1997 – 04.12.1997 – ЗПД "ПТВС"-те ұңғымаларды жер астында жөндеу учаскесінде бұрғылау қондырғысы машинисінің көмекшісі (5-разряд), Ақтау қаласы;
05.12.1997 – 23.02.1999 – №2 цехтың жер асты суқабылдағыш және ұңғымаларды жөндеу учаскесінің маманы, Ақтау қаласы;
24.02.1999 – 14.03.1999 – апаттық-қалпына келтіру жұмыстары бойынша слесарьдың екінші мамандығы (4-разряд), Ақтау қаласы;
15.03.1999 – 01.06.2000 – апаттық-қалпына келтіру жұмыстары бойынша слесарь (4-разряд), Ақтау қаласы;
03.07.2000 – 12.09.2000 – "Бейнеу аудандық еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімі" ММ техникалық орындаушы, Бейнеу ауылы;
13.09.2000 – 05.03.2001 – "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" ММ экономика бөлімінің бас маманы, Бейнеу ауылы;
06.03.2001 – 28.03.2002 – "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" ММ әлеуметтік-экономикалық жұмыстар бөлімінің бас маманы, Бейнеу ауылы;
28.03.2002 – 05.04.2002 – "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" ММ кәсіпкерлікті қолдау және инвесторлармен жұмыс жөніндегі аудан әкімінің көмекшісі, Бейнеу ауылы;
05.04.2002 – 31.01.2003 – "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" ММ экономика бөлімінің бастығы, Бейнеу ауылы;
31.01.2003 – 10.01.2005 – "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" ММ ұйымдастыру бөлімінің бастығы, Бейнеу ауылы;
10.01.2005 – 01.11.2005 – "Бейнеу аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" ММ бөлім басшысы, Бейнеу ауылы;
01.11.2005 – 16.01.2006 – "Бейнеу аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ бөлім басшысы, Бейнеу ауылы;
16.01.2006 – 14.05.2007 – "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік бөлімі" ММ бөлім басшысы, Бейнеу ауылы;
14.05.2007 – 10.12.2008 – "Бейнеу аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ бөлім басшысы, Бейнеу ауылы;
10.12.2008 – 19.03.2009 – "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік бөлімі" ММ бөлім басшысы, Бейнеу ауылы;
19.03.2009 – 01.03.2010 – "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ бөлім басшысы, Бейнеу ауылы;
01.03.2010 – 26.03.2013 – "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік бөлімі" ММ бөлім басшысы, Бейнеу ауылы;
26.03.2013 – 14.03.2016 – "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік бөлімі" ММ бөлімнің жетекшісі, Бейнеу ауылы;
14.03.2016 – 25.07.2017 – "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" ММ бөлімнің жетекшісі, Бейнеу ауылы;
25.07.2017 – 03.01.2018 – Бейнеу ауданы әкімі аппаратының басшысы, Бейнеу ауылы;
03.01.2018 – 03.06.2019 – "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" ММ бас инспекторы, Бейнеу ауылы;
04.06.2019 – 23.01.2022 – "Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы" ММ басшысының орынбасары, Ақтау қаласы;
24.01.2022 – 08.03.2022 – басқарма басшысының орынбасары, Ақтау қаласы;
23.09.2025 бастап қазіргі күнге дейін – "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" ММ бөлім басшысы, Бейнеу ауылы.





