Бекетов Шәріп Дастанұлы

    Жанкелді ауылдық округі әкімі

    Бекетов Шәріп Дастанұлы
    Аким

    Бекетов Шәріп Дастанұлы

    Жанкелді ауылдық округі әкімі

    Өмірбаян

    Бекетов Шәріп Дастанұлы 1972 жылы 22 шілде айында Қарағанды облысы, Жезді ауданы, Байқоңыр ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, Қазақстан Республикасы азаматымы. Отбасылы.

    1979 – 1989 жылдар аралығында Байқоңыр орта мектебін бітірді.

    1989 – 1994 жылдар аралығында Жезқазған педагогикалық университетінде «География және биология» мамандығы бойынша оқып бітірді.

    1994 – 1999 жылдар аралығында жеке кәсіппен айналысты.

    1999 жылы №17 Байқоңыр орта мектебіне География мамандығы бойынша мұғалім болып жұмыс атқарды.

    2001 – 2006 жылдар аралығында №17 Байқоңыр орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.

    2007 – 2011 жылдар аралығында №17 Байқоңыр орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.

    2012 – 2021 жылдар аралығында №17 Байқоңыр орта мектебінің директоры болып қызмет атқарды.

    2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін Ұлытау ауданы, Жанкелді ауылдық округі әкімі болып жұмыс істейді.