
Өмірбаян
Габидуллин Нуркенже Махмутович, 03.03.1969 жылы Семей облысы Аягөз ауданы Тарлаулы ауылында дүниеге келген. 1989-1992 жылдары Жаңасемей ауданы Новопокровка совхоз техникумының студенті. 1987 – 1989 жылдары армия қатарында қызмет етті.
1986-1987 жылдары Семей облысы Таскескен ауданы Овцевод совхозында қатардағы жұмысшы болып жұмыс істеді. 1992-1994 жылдары Таскескен ауданы Овцевод совхозында №20 кәсіптік техникалық училище филиалының мұғалімі. 1994-2014 жылдары ШҚО Таскескен ауданы Ақтоғай орта мектебінде тарих және технология пәндерінің мұғалім болып қызмет атқарды. 2014-2021 жылдары №8 Ақтоғай жалпы білім беретін мектебінде тәрбие ісі меңгерушісі. 2021-2023 жылдары Абай облысы Аягөз ауданы Тарлаулы ауылында мектеп директоры қызметін атқарған. 2023 жылы қазан айындағы сайлау қорытындысы бойынша Актоғай кенттік округінің әкімі болып сайланды.