
Өмірбаян
Молдабаев Бақытжан Жолдыбекұлы 1983 жылы 14 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы Тарбағатай ауылында дүниеге келген. 1989-1998 жылдары Тарбағатай ауылындағы Октябрь орта мектебінде білім алған. 2000-2002 жылдары Алматы қаласындағы Алматы көлік және коммуникация колледжінің "темір жол құрылысы, жол мен жол шаруашылығы және өндірістік құрылыс" мамандығы бойынша, 2003-2006 жылдары М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының "теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы" мамандығын тәмәмдаған.
2017-2019 жылдары Тарбағатай ауылдық округінде жеке кәсіпкер "Кәусар". 2019-2025 жылдары Тарбағатай ауылдық округінде "Кәусар" шаруа қожалығының басшысы. 2025 жылдың қыркүйегінен бастап Тарбағатай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.