
Бәли Серікболсын Төлеуұлы
Қарқаралы ауданы Бақты ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Бәли Серікболсын Төлеуұлы 1995 жылы 10 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бақты ауылында дүниеге келген.
2001 жылы Бақты ауылындағы №21 орта мектептің 1-сыныбына қабылданды. 2008 жылы Қарағанды қаласының Сұрыптау станциясындағы №12 орта мектептің 9-сыныбын аяқтады.
2014 жылы Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлық-техникалық колледжіне оқуға түсіп, «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша білім алды.
01.09.2017 - 01.09.2018 жж. – Шахтинск қаласы әкімдігі «№5 гимназия» КММ-де дене шынықтыру пәні мұғалімі болып жұмыс істеді.
01.09.2018 - 31.08.2023 жж. – Қарағанды қаласындағы «№137 орта мектеп» КММ-де дене шынықтыру пәні мұғалімі қызметін атқарды.
01.09.2023 - 02.09.2024 жж. – Қарағанды облысы білім басқармасының «Қарағанды теміржол колледжі» КГКП-да дене шынықтыру пәні мұғалімі болып қызмет етті.
02.09.2024 - 01.10.2024 жж. – Қарағанды облысы білім басқармасының «Қарағанды теміржол колледжі» КГКП-да төтенше жағдайлар жөніндегі директордың орынбасары міндетін уақытша атқарды.
01.10.2024 - 19.05.2025 жж. – Қарағанды облысы білім басқармасының «Қарағанды теміржол колледжі» КГКП-да бөлім меңгерушісі қызметін атқарды.
