
Ахтанов Хамит Нұрсолтанұлы
Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің орынбасары
Өмірбаян
1963 жылы 14 маусымда Павлодар облысы, Краснокутскі ауданы, Ивановка ауылында дүниеге келген. Жоғары білімі бар, 2006 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын "Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру” мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1981 жылы механизатор болып бастады. 1983 жылы Қарулы Күштер қатарында әскери борышын өтеген соң, 2003 жылға дейін Ново-Троицк ауылында механизатор, Жалаулы ауылдық округінің Нығман Алшынов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің мұғалімі болып қызмет етті.
2003-2011 жылдары Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды. 2011 жылы Нығман Алшынов атындағы жалпы білім беретін орта мектепте мұғалім болып қызмет етті. 2019-2023 жылдары Ақтоғай ауданы Жолболды ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарды. 2023 жылдан бүгінгі таңда Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің орынбасары.