
Өмірбаян
Искаков Сәбит Ережепұлы – 13.03.1987 жылы Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кентінде дүниеге келген. Шортанды ауданы, Новокубанка ауылында тұрады.
1993–2004 жылдар аралығында Новокубанка орта мектебінде оқыды.
2004–2008 жылдар аралығында Астана қаласындағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Тұрмыстық қызмет көрсету және сервис» мамандығы бойынша білім алды.
2010–2012 жылдар аралығында Көкшетау қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алды.
09.04.2009 ж. – 30.06.2010 ж. – Шортанды ауданының «Кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маман болып жұмыс істеді.
03.05.2011 ж. – 10.11.2014 ж. – Шортанды ауданының «Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» РММ-де бөлімше бастығының аға көмекшісі болып жұмыс істеді.
25.01.2015 ж. – 10.03.2019 ж. – Астана қаласында жеке кәсіпкер ретінде қызмет атқарды.
30.04.2019 ж. – 18.11.2019 ж. – Шортанды ауданының «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемеснде бас маман болып жұмыс істеді.
18.11.2019 ж. – 31.12.2021 ж. – Шортанды ауданының «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінде басшы болып жұмыс істеді.
01.2022 ж. – Екі бөлімнің («Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ және «Ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ) оңтайландырылуына байланысты бас маман лауазымына ауыстырылды.
01.2022 ж. – 06.02.2023 ж. – Шортанды ауданының «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маман болып жұмыс істеді.
02.2023 ж. – 22.09.2023 ж. – Шортанды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде тұрғын үй инспекциясы секторының меңгерушісі лауазымында жұмыс істеді.
09.2023 ж. – 15.07.2025 ж. – Шортанды ауданы, Петровка ауылдық округінің әкімі лауазымында қызмет атқарды.
07.2025 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін – Шортанды ауданы, Новокубанка ауылдық округінің әкімі лауазымында қызмет атқаруда.