
Абаев Әлібек Кенжебұлатұлы
Червонный ауылдық округі әкімінің
Өмірбаян
Ақбаев Әлібек Кенжебұлатұлы, 1993 жылы 2 маусымда Көкшетау облысы ,Рузаев ауданы, Жаңасу ауылында дүниеге келген.
2015 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
2019 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін Құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Үйленбеген.
Еңбек жолын 2013 жылдың қыркүйегінде тірек-қимыл аппараты қызметі бұзылған балаларға арналған Көкшетау медициналық-әлеуметтік мекемесінің тәрбиешісі болып бастады.
2015 жылдың қазан айынан 2017 жылдың қазан айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Шұқыркөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс істеді.
2017 жылдың қазан айынан 2019 жылдың қаңтар айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2019 жылғы қаңтар - 2019 жылғы маусым аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының экономика және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі аудан әкімі орынбасарының бас маман-көмекшісі.
2019 жылдың маусымынан 2020 жылдың маусымына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының жастар саясаты мәселелері жөніндегі бас маманы.
2020 жылдың маусымынан 2023 жылдың тамызына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының жастар саясаты мәселелері бойынша аудан әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.
2023 жылдың тамызынан 2024 жылдың мамырына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі аппаратының жастар саясаты мәселелері бойынша аудан әкімінің бас инспекторы болып жұмыс істеді.