
Абенова Бақытгүл Мүбараққызы
Жарқайың ауданы Бірсуат ауылының әкімі
Өмірбаян
- Абенова Бақытгүл Мүбараққызы, 1969 жылы 26 қыркүйекте Торғай облысы Жаңадала ауданы КОКП ХХІ съезінің атынан з/с-да дүниеге келген. . Білімі жоғары. 2005 жылы Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтын Орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі мұғалімі мамандығы бойынша бітірген
2002 жылғы қаңтардан 2003 жылғы қаңтарға дейін Ақмола облысы Жарқайың ауданы Бірсуат ауылының "Иглик" шаруа қожалығының бухгалтері. 2003 жылдың қаңтарынан 2003 жылдың қыркүйегіне дейін отбасылық себептермен жұмыс істемеді. Ақмола облысы Жарқайың ауданы Бірсуат ауылында тұрды. 2003 жылдың қыркүйегінен 2005 жылдың қыркүйегіне дейін Ақмола облысы Жарқайың ауданы Бірсуат ауылдық округінің маманы. 2005 жылдың желтоқсанынан 2007 жылдың наурызына дейін отбасылық жағдай бойынша жұмыс істемеді. Ақмола облысы Жарқайың ауданы Бірсуат ауылында тұрды. 2007 жылғы наурыздан 2008 жылғы маусымға дейін Ақмола облысы Жарқайың ауданы Бірсуат ауылының "Интернационал-Астана" ЖШС бухгалтері. 2008 жылдың қыркүйегінен 2017 жылдың қазанына дейін Ақмола облысы Жарқайың ауданы Бірсуат ауылындағы Фурманов орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 2017 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақмола облысы Жарқайың ауданы Бірсуат ауылының әкімі.
2025 жылы 14 қыркүйекте Жарқайың ауданындағы Бірсуат ауылының әкімі болып қайта сайланды.