
Омаров Руслан Төлегенұлы
"СҚО Мамлют ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ басшысының орынбасары
Өмірбаян
«СҚО Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» КММ басшысының орынбасары. Омбы облысы, Тюкалин ауданы, Тюкалинск қаласында 1982 жылдың 18 тамызында туған. 2001 жылы Есiл ауылшаруашылық колледжiн бiтiрдi, политология маманы бойынша 2005 жылы Е.Букетов атындағы Қарағанды университетiн бiтiрдi.
Еңбек жолын 2001 жылы СҚО Прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығында бастаған. 2015 жылы СҚО Мамлют ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі КММ әлеуметтік бағдарламалар секторының меңгерушісі қызметін атқарды. 2023 жылдың қазан айынан бастап "СҚО Мамлют ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" КММ басшысының орынбасары қызметін атқарады
