
Абиров Жәнібек Игалиұлы
Қарауылтөбе ауылдық округі аппаратының әкімі
Өмірбаян
Жанибек Иғалиұлы Абиров 21.06.1986 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының Азаматы. Білімі жоғары. Үйленген, 5 баласы бар.
2005 жылы Орал қаласындағы А.Иманов атындағы кәсіптік лицейді құрылыс ұйымдастырушы шебері мамандығы бойынша аяқтады. 2014 жылы Орал қаласындағы Батыс Қазақстан инженерлік – гуманитарлық университетінің «Кәсіптік білім беру» мамандығы бойынша аяқтады. 05.09.2010-05.12.2011 жылдары Атырау облысындағы «Arna Build and Co» ЖШС электромонтаждаушы, өз еркімен жұмыстан босатылды. 26.03.2013-02.09.2014 жылдары Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімдігінің жастар ісі жөніндегі маманы, негізгі қызметкердің жұмысқа шығуына байланысты жұмыстан босатылды. 12.01.2015-22.05.2015 Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының кеңесші маманы, өз еркімен жұмыстан босатылды. 07.09.2015-12.06.2020 жылдары «Абиров» шаруа қожалығының басшысы. 04.09.2018-15.06.2020 Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының Қарауылтөбе ауылдық округінің кеңесші маманы, сайлау қорытындысы бойынша әкім болып сайлануына байланысты босатылды. 15.06.2020 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келеді. Қарулы күштер қатарында қызмет атқарған жоқ. Әскери міндетті. 22.07.2014 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне есепке алынды. Әскери атағы қатардағы жауынгер..