
Сматова Ағайша Қожантайқызы
Азаматтық қорғау бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Сматова Ағайша Қожантайқызы 1963 ж. 16 ақпанда, Қызылорда облысы, Тереңөзек кентінде дүниеге келген.
1970-1980 жылдар аралығында Сырдария ауданындағы № 35 орта мектепті бітірген.
1985 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс-институтының Қызылорда филиалының «Ауылшаруашылығы құрылыс-инженері» мамандығын бойынша аяқтаған.
1985 - 1989 жалдар аралығында ПМК-17 Трест КызылордаСтрой мекемесінің инженер ПТО;
1989-2005 жылдары Қызылорда облыстық санитарлық-эпидемиологиялық індетке қарсы күрес станциясының өндірістік гигиена бөлімшесінің инженері;
2005 – 2012 жылдары Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы – аумақтық қорғаныс және азаматтарды құтқару бөлімінің бас маманы;
2012 – 2013 жылдары Қызылорда облысының құрылыс басқармасының бөлім бастығы; 2013 жылы Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бөлім бастығы;
2013 – 2016 жылдары Қызылорда облысының әкімі аппараты жұмылдыру бөлімінің бас инспекторы;
2016 жылдың мамыр айының 18 нен бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бөлімінің басшысы қызметін атқаруда.

