
Нұрымбетов Рахымжан Рақышұлы
Азаматтық қорғау бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Нұрымбетов Рахымжан Рақышұлы 1983 ж. 24 ақпанда, Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген.
1989-1999 жылдар аралығында Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі №219 орта мектепті бітірген.
2004 жылы Қорқат Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін "Экономист-Менеджер" мамандығы бойынша яқтаған.
2009 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Құқықтанушы" мамандығы бойынша аяқтаған.
2007 - 2011 жж. ҚР ІІМ Қызылорда облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы Полиция батальонының инспекторы, Аналитикалық жұмыстар және бақылау тобының аға инспекторы;
2012 - 2013 жж. "Жұмылдыру бойынша және төтенше жағдайлар кезеңдеріндегі шұғыл жұмыстар орталығы" мемлекеттік мекемесі Шұғыл ақпарат және мониторинг бөлімінің шұғыл кезекшісі, бөлім бастығы;
2013 - 2016 жж. Қызылорда облысы әкімі аппаратының "Жұмылдыру жұмыстары және дағдарыс жағдайындағы шұғыл талдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Әкімшілік жұмыстар және мемлекеттік сатып алу, Шұғыл ақпарат және мониторинг, Байланыс және инженерлік техникалық қамтамасыз ету бөлімдерінің бастығы;
2016 - 2022 жж. Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бөлімінің бас маманы;
2022 - 2024 жж. Қызылорда облысы әкімі аппаратының Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бөлімінің бас инпекторы;
2024 - 2025 жж. Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының Азаматтық қорғау бөлімінің бас маманы;
2025 жылдың наурыз айынан бастап Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы Азаматтық қорғау бөлімінің басшысы.

