
Керімбердиев Марат Сейілұлы
Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы әкімі аппаратының есеп бөлімшесінің басшысы
Өмірбаян
20 желтоқсан 1965 жылы Қызылорда облысы Арал қаласында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. 1991 жылдары Алматы қаласының Зоотехникалық Мал дәрігерлік институтында мал дәгері мамандығын, 2002 жылы Қаратау қаласының Агротехникалық университетінің Бухгалтер аудит факултетінде бухгалтер-экономист мамандығын тәмәмдаған.
Еңбек жолын 1982 жылы Қызылорда облысы Арал ауданы Жіңішкеқұм кеңшарында жұмысшы болып бастаған.
1984-1986 жылдары Москва облысында қатардағы сарбаз болып әскери борышын өтеген.
1991-1995 жылдары Қызылорда облысы Арал ауданы Арал кеңшарында зоотехник.
1996-1998 жылдары Қызылорда облысы Арал ауданы Жіңішкеқұм кеңшарында басзоотехник.
1999-2004 жылдары «Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде әскери есеп столы және қаржы агенті жетекші маманы.
2005-2011 жылдары «Жамбыл облысы Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қаржы агент бас маманы.
2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде есеп бөлімше басшысы.



