
Ибраев Жанат Кабдулуахитович
Екібастұз ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Ибраев Жанат Қабдулуахитұлы, 1976 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Тай ауылында өмірге келді.
Білімі жоғарғы С.Торайғыров атындағы ПМУ «Математика мұғалімі» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша
Еңбек қызметін 1992 жылы Екібастұз ауданы Өлеңті ауылындағы № 4 ферма қызметкері болып бастаған. 1992-1994 жылдары Өлеңті совхозында № 4 бригаданың бухгалтері болып жұмыс істеді. 1996 жылдан 2000 жылға дейін Өлеңті орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 2000-2003 жылдары Өлеңті орта мектебі директорының оқу жөніндегі орынбасары. 2003 жылдан 2010 жылға дейін Төртүй ауылындағы Екібастұз орта мектебінің директоры болып жұмыс істеді. 2010-2013 жылдары Қарасу ауылдық округінің әкімі. 2013-2017 жылдары Бесқауға ауылының әкімі. 2017 жылдан 2018 жылға дейін "Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі"ММ басшысының орынбасары. 2018 жылы "Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі"ММ басшысы лауазымына тағайындалды. 2018 жылдан 2019 жылға дейін "Арыс"ЖК басшысы. 2019 жылдан бастап Екібастұз ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. 2023 жылдың 30 қаңтарында қайта сайланды.