
Өмірбаян
Таженов Нуржан Надирханович- 29 желтоқсан 1980 жылы Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Павловка селосында дүниеге келген. Білімі жоғары, отбасылы.
2004 жылы - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін кәсіптік жоғары білімді филолог, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы мамандығы бойынша, 2021 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік унивеситетін экономика факультетінің бизнес және басқару мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2003-2004 жылдары Алға аудандық аумақтық басқармасының көлік жүргізушісі, 2005-2006 жылдары Бесқоспа ауылдық округінің бас маманы, 2007 жылы № 2 Алға орта мектебінің әдіскері, 2010-2013 жылдары "Бесқоспа ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ іс жүргізушісі, 2013-2018 жылдары "Бесқоспа ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ бас маманы, 2018 жылы Қарағаш ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы, 2018 жылдан 2022 жылға дейін Қарағаш ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды. 2022-2024 жылдары Қарғалы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2024-2025 жылдары Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. 2025 жылғы 20 мамырдан бастап Бесқоспа ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.