
Муздыбаев Октябрь Муратович
Жетекші маман
Өмірбаян
Муздыбаев Октябрь Муратович 1973 жылы 7-қарашада Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы Егіндібұлақ селосында туды. Ақмола ауыл шаруашылығы институтын зоотехник мамандығы бойынша бітірген.
1996 жылы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін Егіндібұлақ ауданы Н. Нұрмақов атындағы кеңшардың №3 Бастал бөлімшесінде 1997 жылдың сәуір айында кеңшар тарағанға дейін зоотехник болып жұмыс атқарды.
1997 жылдың сәуір айынан 2002 жылдың шілде айына дейін Н.Нұрмақов ауылдық округіне қарасты «Игілік» шаруа қожалығында зоотехник жұмысын атқарды.
2002 жылдың шілде айынан 2005жылдың наурыз айына дейін «Қарқаралы ауданы Н.Нұрмақов атындағы ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де бас маман қызметін атқарды.
2005 жылдың наурыз айынан 2013жылдың тамыз айына дейін «Қарқаралы ауданы Нығмет Нұрмақов атындағы ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің әкімі қызметіне тағайындалды.
2013 жылы ауыл әкімдерін сайлауына байланысты әкім қызметінен босады.
2014 жылдың ақпан айынан «Қарқаралы ауданы Нығмет.Нұрмақов атындағы ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де жетекші маман қызметін атқарады.

