
Байділдин Ғафурбек Әнәпияұлы
Костычев ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Байділдин Ғафурбек Әнәпияұлы, 1970 жылы 1 қарашада ауылда туған. Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Көкалат.
1988 жылдың қазан айынан 1990 жылдың желтоқсан айына дейін Кеңес Армиясы Қарулы Күштері қатарында Жезқазған ауданы Приозерск кентінде 03080 «Х» әскери бөлімінде әскери борышын өтеді.
Еңбек жолын 1991 жылдың қаңтарынан 1991 жылдың қазан айына дейін Торғай кентінде ауыл шаруашылығы өнеркәсіптік құрал-жабдықтарын құрастырушы болып бастаған.
1991 жылдың қазан айынан 1992 жылдың мамыр айына дейін келісім шарт бойынша «Гаухар» кооперативінде мүсінші болып жұмыс істеді.
1992 жылдың мамыр айынан 1993 жылдың наурыз айына дейін «Джангелдинский Дэу» автокөлігінде жол жөндеуші болып жұмыс істеді.
1993 жылдың сәуірінен 2013 жылдың шілдесіне дейін Ақмола облысы Ішкі істер департаментінің ішкі істер органдарында қызмет етті.
2014 жылдың наурыз айынан 2014 жылдың желтоқсан айына дейін «Костычево» ЖШС-де бригадир болып жұмыс істеді.
2015 жылдың қараша айынан 2017 жылдың қаңтар айына дейін «Байділдин» ЖП жұмыс істеді.
2017 жылдың ақпан айынан 2017 жылдың мамыр айына дейін Жарқайың ауданы Костычев ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.
2017 жылдың мамырынан 2021 жылдың қаңтарына дейін Жарқайың ауданы Костычев ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.
2025 жылдың қаңтар айынан бастап осы уақытқа дейін Жарқайың ауданы Костычев ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқардым.