
Қарымсакова Римма Өсербайқызы
Жер қатынастарын үйлестіру бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1979 жылы туған. «Әдiлет» Жоғары құқық мектебiн (заңгер), Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiн (экономика және бизнес) аяқтады.
Лауазымды 2012 жылдың сәуiр айынан бастап қызмет атқарады.
Бөлiмнiң функциялары:
- Бөлiммен басшылық ету және реттеу, жер, азаматтық-құқықтық қатынастарын реттеуiмен байланысты жұмыс iстеудi, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен, облыстық заң департаментiмен, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарымен, басқа да инспекторлық және бақылау органдарымен жұмыс жүргiзудi, сот процестерiне қатысуды;
- жер қатынастарын реттеу бөлiгiнде аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар) жер қатынастары бөлiмдерiнiң қызметiн реттеу және методикалық басшылық ету;
- басқарманың хаттары, шарттары жобаларының, ал сондай-ақ мемлекеттiк сатып алудың құқықтық сараптамасын ұйымдастыруына, басқарманың қызметшiлерiне заңи көмек және ақыл-кеңес көрсетуiне бақылау;
- облыс әкiмдiгi қаулыларының, әкiмi шешiмдерiнiң және өкiмдерiнiң жобаларын келiсу тәртiбiн дайындауына және ұйымдастыруына бақылау;
- басқарманың қызметiне қатысты бағдарламаларды, соның iшiнде басқарманың құқық түсiндiру жұмысы бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша бағдарламаларды әзiрлеу, баяндама дайындау және есеп құрастыру;
- жер қатынастары және басқа құқық қатынастары бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау;
- Басқармамен орындалатын мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша мәселелерiн үйлестiру;
- Мемлекеттiк қызметтi көрсету Регламент жобасын әзiрлеу бойынша Басқармамен көрсетiлетiн мекеменiң жұмысы мемлекеттiк қызметтi көрсету жөнiнде сұрақтарды реттеу;
- Мемлекеттiк қызметтi көрсету сапасын iшкi бақылау бойынша Басқарманың жұмысы туралы есептi дайындау;
- мемлекеттiк қызметтi көрсетуге тәртiбi туралы түсiндiру шараларын өткiзу; басқарма басшысымен анықталған басқа да өкiлеттiктердi орындау



