
Өмірбаян
Жұмабеков Әскербек Жақанұлы 1987 жылғы 23 ақпанда Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Аққұдық ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Алматы экономикалық-статистикалық академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2010 жылы Көктау әскерилендірілген құтқару пунктінде құтқарушы болып бастаған.
2010–2011 жылдары – Көктау әскерилендірілген құтқару пунктінде құтқарушы;
2012–2014 жылдары – Хромтау әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағында қызмет атқарған;
2015–2019 жылдары – кезекші және жабдықтарды жөндеу слесарі;
2019–2021 жылдары – «Абай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маман;
2023 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін – Қызылсу ауылдық округінің әкімі.