
Өмірбаян
Кенжин Амангелди 1976 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Еңбек ауылдық кеңесінде дүниеге келген. 1993 жылы Нүркен совхозындағы мектепті аяқтаған соң, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне оқуға түскен. 1998 жылы аталған университетті география пәні оқытушысы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 24.01.2000 жылы Семей қаласы Ақбұлақ ауылы Ақбұлақ орта мектебінде география пәнінің мұғалімі болып бастады.
27.11.2016 жылы «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының псипсихоневрологиялық медициналық – әлеуметтік мекемесі» КММ-де күзетші болып қызмет атқарды.
26.09.2017 жылдан бастап "Жаңатоған ауылдық округі әкімі аппараты" ММ-де жетекші маман, 2023 жылдан бүгінгі күнге дейін бас маман қызметін атқаруда.


