Талипов Қинаятолла Хайроллаұлы

    Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары

    Талипов Қинаятолла Хайроллаұлы
    Заместитель акима

    Талипов Қинаятолла Хайроллаұлы

    Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    1978 жылғы 13 қарашада Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары.

    2000 жылы – Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша;

    2020 жылы – Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика және бизнес мамандығы бойынша бітірген.

    18.09.2000-05.01.2001 жылдары – Е.Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Павлодар облысы Баянауыл ауданы, Ұзынбұлақ ауылы;

    05.01.2001-08.02.2004 жылдары – Ақши жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ұзынбұлақ ауылдық округі, Ақши ауылы;

    08.02.2004-13.03.2005 жылдары – Ақши жалпы орта білім беру мектебі оқу ісінің меңгерушісі;

    13.03.2005-11.08.2005 жылдары – «Баянауыл ауданының білім бөлімі» ММ жетекші маманы;

    11.08.2005-15.04.2007 жылдары – «Баянауыл ауданының білім бөлімі» ММ бас маманы;

    15.04.2007-12.11.2007 жылдары – «Баянауыл ауданының білім бөлімі» ММ бастығының орынбасары;

    12.11.2007-04.08.2008 жылдары – Б.Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің директоры, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жаңатілек ауылы;

    04.08.2008-12.03.2009 жылдары – «Баянауыл ауданы әкімінің аппараты» ММ құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы, Павлодар облысы Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы;

    12.03.2009-11.11.2009 жылдары – «Баянауыл ауданының білім бөлімі» ММ сектор меңгерушісі, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы Баянауыл ауылы;

    12.11.2009-28.01.2010 жылдары – Баянауыл ауданы әкімінің көмекшісі,

    28.01.2010-11.03.2013 жылдары – «Баянауыл ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ бастығы;

    11.03.2013-14.08.2015 жылдары – «Нұр Отан» партиясы Баянауыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;

    14.08.2015-14.10.2015 жылдары – Баянауыл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы,

    15.10.2015-04.01.2020 жылдары – Баянауыл ауылдық округінің әкімі;

    05.01.2020-27.10.2021 жылдары – «Нұр Отан» партиясы Баянауыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;

    27.10.2021-18.02.2022 жылдары – Баянауыл ауданы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы;

    18.02.2022-14.03.2022 жылдары – Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары;

    14.03.2022-16.09.2024 жылдары – Баянауыл ауданы әкімі аппаратының басшысы;

    16.09.2024 жылдан қазіргі уақытқа дейін –Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері