
Жанайдаров Бауыржан Төкенайұлы
Екібастұз қаласы Теміржол ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Бауыржан Төкенайұлы Жанайдаров - 1985 жылғы 23 қазанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Сәтбаев ауылында дүниеге келген.
Білімі:
кәсіптік орта, Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі, 2010 жыл, «Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем шығармашылық», мәдени демалыс ұйымдастырушы-ұстаз, балалар мекемесінің музыкалық жетекшісі.
жоғары: Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2021 жыл, «Режиссура» мамандығы, өнер бакалавры.
Еңбек жолы:
2010 ж. – Шадыра жалпы орта білім беру мектебінің музыка мұғалімі.
2011 ж. – Қоянды ауылдық клубының меңгерушісі.
2012 ж. – «Өнер» қалалық мәдениет орталығының дыбыс технигі.
2014 ж. – «Атамұра» мәдениет орталығы Қоянды ауылдық клубының меңгерушісі.
2015 - 2016 жж. – Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі «Спортсервис» КМҚК жүргізушісі.
2017 - 2021 жж. – Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі «№1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КМҚК жүргізушісі.
2021 - 2024 жж. – «Юбилейный» мәдениет үйі КМҚК мәдениет ұйымдастырушысы.
2024 - 2026 жж. – Екібастұз қаласы, Шідерті кенті «Юбилейный» мәдениет үйі КМҚК басшысының міндетін атқарушы.
2026 жылғы 19 мамырда сайлау қорытындысы бойынша Екібастұз қаласы Теміржол ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.