Сатыбалдин Айдар Рымбаевич

    Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары

    Сатыбалдин Айдар Рымбаевич
    Заместитель акима

    Сатыбалдин Айдар Рымбаевич

    Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Сатыбалдин Айдар Рымбаевич, 1971 жылғы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласының тумасы. Жоғары білімді, 1997 жылы Қазақтың тұтыну кооперациясы институтын аяқтаған.

    Сатыбалдин Айдар Рымбайұлы өзінің еңбек жолын 1993 жылы Қарқаралы қаласы әкімшілігінде әскери есеп столының іс жүргізушісі қызметінен бастады.

    1995–2002 жылдар аралығында Қарқаралы қаласы әкімі аппаратында референт, бас маман қызметтерін атқарды.

    2002–2008 жылдары Қарқаралы ауданы әкімі аппаратында әлеуметтік және ішкі саясат бөлімінің бас маманы, кейін ұйымдастыру, кадрлық жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.

    2008–2009 жылдары Қарқаралы ауданының қаржы бөлімінде бөлім бастығының орынбасары болды.

    2009–2011 жылдары Қарқаралы аудандық пошта байланысы торабын ьасқарды.

    2011 жылдың сәуір–маусым айлары аралығында Қарқаралы аудандық мәслихат аппаратында ревизиялық комиссияның төрағасы қызметін атқарды.

    2011–2014 жылдары Қарқаралы ауданы әкімі аппараты басшысы болды..

    2014–2018 жылдары Қарқаралы қаласының әкімі, 2019–2023 жылдары Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясының төрағасы.

    2023 жылдан бастап аудандық мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері