
Өмірбаян
Смағұлов Жандарбек Бекболатұлы – 1974 жылы 15 наурызда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылында дүниеге келген.
Ұлты қазақ,білімі жоғары.
1981–1991 жылдары Жайылма ауылындағы В.И.Ленин (қазіргі Әйтеке би) атындағы қазақ орта мектебінде оқып – бітіріп шықты.
1994–1997 жылдары Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы “Құлан ауылшаруашылық колледжінде” “Ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді ұйымдастыру технологиясы” мамандығы бойынша оқып “Үздік дипломмен” бітіріп шықты
2004 – 2007 жылы Жамбыл облысы Тараз қаласындағы М.Х.Дулати атындағы университетінің “Жерге орналастыру және кадастры” мамандығы бойынша, сырттай бөлімде оқып-бітіріп шықты.
Еңбек жолын 1991–1994 жылдары Жайылма ауылы Калинин атындағы қаракөл қой совхозында (қазіргі Б.Серікбаев атындағы ЖӨК-де) қарапайым жұмысшы болып бастаған.
1997–1998 жылдары Жайылма ауылындағы Б.Серікбаев атындағы ЖӨК-де бас огроном қызметін және директордың жастар ісі жөніндегі орынбасары,
1998 – 2004 жылдары Жайылма ауылы “Тәуірлік ” ЖШС-нің төрағасы,
2004 – 2005 жылы Сарысу аудандық жер инспекциясының бас маманы,
2005 – 2006 жылдары Сарысу ауданы әкімиятының ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімінің бас маманы,
2006 – 2007 жылдары Сарысу ауданы әкімиятының дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекші маманы,
2007 – 2008 жылдары Жайылма ауылы Әйтеке би атындағы орта мектебі директорының өндірістік шарушылық жөніндегі орынбасары,
2007 – 2012 жылдары Сарысу аудандық мәслихат депутаты,
2008 – 2012 жылдары Сарысу аудандық “Сарысу жастары” КМК-ның директоры,
2012 – 2016 жылдары Жаңаталап ауылдық округінің Әкімі,
2016 – 2017 жылдары Жайылма ауылдық округінің әкімі,
2017 – 2019 жылдары Жайылма ауылдық округінің әкімінің аударма жөніндегі редакторы (кеңесшісі) қызметі,
2019 жылдан бері Жайылма ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.