
Қобланды Ерсайын Саянұлы
Қарқаралы ауданының Қырғыз ауылдық округі әкімі
Өмірбаян
Қобланды Ерсайын Саянұлы – 1994 жылы 24 наурызда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Қарқаралы ауданы, Бүркітті ауылының №20 мектепке 1- сыныпқа барды. 2011 жылы Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласының О.А.Жаутыков атындағы №1 қазақ орта мектебін 11-сыныпты аяқтады. 2012 – 2015 жылдары Қарағанды қаласының маңызды білім беретін «Болашақ» колледжін қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығымен аяқтады. 2016 – 2020 жж Қарағанды «Болашақ» академиясын қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығымен аяқтады.
2015 жылдың тамызынан 2017 жылдың маусымы аралығында Қарқаралы қаласының М.Бәпиұлы атындағы №44 ЖОББ мектебінде қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі, мектеп тәлімгері қызметін атқарды. 2017 жылдың маусымынан 2019 жылдың қаңтарына дейін Қарқаралы ауданының жастар ресусртық орталығының маманы қызметін атқарды. 2019 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың қазанына дейін Қарқаралы қаласының М.Бәпиұлы атындағы №44 ЖОББ мектебі жанындағы интернат меңгерушісі қызметін атқарды. 2019 жылдың қазанынан 2020 жылдың тамызына дейін Қарқаралы ауданының жастар ресурстық орталығының маманы қызметін атқарды. 2020 жылдың тамызынан 2022 жылдың маусымына дейін Қарқаралы ауданының жастар ресурстық орталығының директоры қызметін атқарды. 2022 жылдың маусымынан 2022 жылдың тамызына дейін Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының статист қызметін атқарды. 2022 жылдың тамызынан 2024 жылдың ақпанына дейін Қарқаралы ауданының жастар ресурстық орталығының директоры қызметін атқарды. 2024 жылдың ақпанынан 2026 жылдың 11 қыркүйек айына дейін Қарқаралы ауданы, Балқантау ауылдық округі әкімі қызметін атқарды.
2026 жылғы 14 қазаннан бастап Қарқаралы ауданы Қырғыз ауылдық округінің әкімі қызметіне тағайындалды.