
Жахин Дулат Серікбайұлы
Ақмола облысы Сандықтау ауданы Балқаш ауылдық округінің әкім
Өмірбаян
Дулат Серікпайұлы Жахин, 1984 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы,
Саумалкөл ауылында туған. 2005 жылы Қазақстан халықаралық қатынастар құқық
институтын заңгер мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын Петропавлда жеке адамға қарсы аса ауыр қылмыстар бойынша криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі болып бастаған. «Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ-де кеңесші, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Оқу-әдістемелік кабинет» КММ-де заңгер-кеңесші лауазымдарын атқарды.
Көкшетау қаласы әкімінің аппаратында мансабын жалғастырып, жетекші маман, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы және әкімшілік-аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы сияқты түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Сондай-ақ, Көкшетау қаласының тұрғын үй инспекциясы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі сияқты салаларда бас маман болып жұмыс істеді. Соңғы лауазымы «Көкшетау қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы.
2025 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін-Сандықтау ауданының Балқашин ауылдық округінің әкімі, Балқашино ауылы, Сандықтау ауданы
