
Кишкунова Татьяна Анатольевна
Лесной ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Татьяна Анатольевна 1969 жылы Железин ауданы Октябрьское а. дүниеге келген. Павлодар есеп-экономикалық техникумын «Бухгалтер» мамандығы бойынша, Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжін «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша және Қазақстан инновациялық академиясын «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1988 жылы Үрлітүп астық совхозында ТҮКШ бухгалтері болып бастаған, содан кейін статистик болып ауыстырылған.
1994 жылдан 1997 жылға дейін – Железин халық банкінің бақылаушысы.
1997 жылдан 2005 жылға дейін – Железин АМПТ Лесное байланыс бөлімшесінің бастығы
2005 жылдан 2008 жылға дейін – «Железин ауданы Лесной ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-ның ӘЕҮ және әлеуметтік мәселелер жөніндегі маманы
2008 жылдан 2024 жылға дейін - «Железин ауданы Лесной ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-ның бас маманы
2024 жылғы 14.02. – Лесной ауылдық округінің әкімі.