
Жұмағалиев Нұрлыбек Жұмабекұлы
Әкімшілік-қаржы және құжаттамалық бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1986 жылғы 24 қарашада Мұғалжар ауданының Тепсен-Қарабұлақ ауылында дүниеге келген.
2011 жылы - Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетін бітірген.
Мамандығы бойынша біліктілігі - қаржы бакалавры.
Еңбек жолын 2007 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекші маманы болып бастады.
2008–2011 жылдары — Мұғалжар ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар жөніндегі жетекші және бас маманы
2011–2012 жылдары — Хромтау қаласы әкімінің көмекшісі
2012–2013 жылдары — Хромтау аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі
2013–2018 жылдары — Ақтөбе облысы Абай ауылдық округінің әкімі
2018–2020 жылдары — Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мемлекеттік сатып алу және жоспарлау бөлімінің бас маманы және басшысы
2020–2023 жылдары — Ақтөбе облысының қаржы басқармасының бухгалтерлік есеп және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептілігі бөлімінің бас маманы
2023 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін — Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының әкімшілік-қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.





