
Аким
Тасмагамбетов Нұржан Булатұлы
Абай қаласының әкімі
Өмірбаян
1991 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. 2013 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін "Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану" мамандығы бойынша, 2018 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін "Автоматтандыру және басқару"мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2013 жылы "Қызмет-Инжиниринг" ЖШС-де техникалық қадағалау маманы болып бастаған. "Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"ММ-де түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Соңғы жұмыс орны-Абай қаласы әкімі аппаратының бөлім басшысы. Абай аудандық сайлау комиссиясының шешімімен 2023 жылғы 31 шілдеден бастап Абай қаласының әкімі болып тіркелді.
