
Кисраунов Ергали Диярович
Қарағанды облысы Абай ауданы Дубовка ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Ергали Диярович Кисраунов 1971 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Успенка ауылында туылған. 1999 жылы Қарағанды облысының Қазтұтынуодағының экономикалық университетінің «Экономист-менеджер» мамандығын игерді. 2020 жылы Қарағанды техникалық университетінің «Құрылыс» мамандығын игерді.
Еңбек өтілімін 1988 жылы Қарағанды облысы Ағадыр ауданының Қ.Мынбаев атындағы совхозының автогаражында слесарь ретінде бастадым.
1989 жылдан 1991 жыл аралығында КСРО Қарулық күшінде қызмет еттім.
1991 жылдан 1993 жылдары Қарағанды облысы Ағадыр ауданының Қ.Мынбаев атындағы совхозының автогаражында слесарь болып жұмыс атқардым.
1993 жылдан 2004 жыл аралығында ішкі істер органдарында түрлі лауазымдарда қызмет еттім.
2006 жылдан 2008 жылдары «Абай ауданының тұрғын коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» мемлекеттік мекемесінің басшысы ретінде қызмет атқардым.
2008 жылдан 2011 жыл аралығында «Абай ауданының тұрғын коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» мемлекеттік мекемесінің басшысы болдым.
2011 жылдан 2012 жылдары «Қарағанды қ. тұрғын коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» мемлекеттік мекемесінің сектор маманы болып жұмыс атқардым.
2012 жылдан 2015 жыл аралығында «Қарағанды қ. тұрғын коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары болдым.
2015 жылдың шілдесінен 2015 жылдың қыркүйегіне дейін «Абайлық жылу жүйелері» ЖШС директорының міндетін атқардым.
2015 жылдан 2018 жыл аралығында Қарағанды облысының Абай қ. әкімі лауазымында қызмет атқардым.
2018 жылдан 2019 жыл аралығында «Абай ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекшісі болдым.
2019 жылдан 2023 жылдың ақпанына дейін Дубовка ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқардым.
2023 жылдың 13 ақпанынан осы уақытқа дейін Дубовка ауылдық округінің әкімі ретінде қызмет етемін.