
Өмірбаян
Жалпы ақпарат, білімі
1971 жығы 26 наурыз күні Ырғыз ауданы, Калинин ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Әйтеке би ауданының Аралтоғай орта мектебін бітірді.
1994 жыл-Ақтөбе кооперативтік техникумын, 2009 жыл -Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін. 2011 жыл-Ақтөбе педагогикалық институтын бітірді.
Мансап
Еңбек жолын 1987-1988 жылдары Қарғалы ауылындағы лимонад цехында жұмысшы болып бастаған.
1988-1989 жылдары Ақтөбе облыстық тұтынушылар одағының тамақ өңдеу зауытында жұмысшы.
1989-1991 жылдары Кеңес Армиясының қатарында қызмет етті.
1992-1993 жылдары райавтодорда жұмысшы, Қарғалы ауылы.
1993-2001 жылдары "Талан" ұжымдық кәсіпорнының тауартанушысы Ақтөбе қаласы, Заречный ауылы.
2001-2002 жылдары Ақтөбе облыстық тері-венерологиялық диспансерінің вахтері, Ақтөбе қаласы.
2002-2005 жылдары "Қазақойл-Сихюрити" ААҚ күзетшісі, Ақтөбе қаласы.
2005-2006 жылдары "Ақтөбе орман шаруашылығы" мемлекеттік мекемесінде аға орманшы.
2006-2016 жылдары "Ақтөбе орман шаруашылығы" мемлекеттік мекемесінің директоры.
2016-2020 жылдары "Қарабұтақ орман шаруашылығы" мемлекеттік мекемесінің директоры.
2021 жылдың 14 сәуірден бастап осы уақытқа дейін Ақкөл ауылдық округінің әкімі.