Бейсенбеков Аян Куралович

    Қарқаралы ауданы Нұркен Әбдіров ауылдық округі әкімі аппараты ММ әкімі

    Бейсенбеков Аян Куралович
    Аким

    Бейсенбеков Аян Куралович

    Қарқаралы ауданы Нұркен Әбдіров ауылдық округі әкімі аппараты ММ әкімі

    Өмірбаян

    Мен, Бейсенбеков Аян Куралович 1963 жылы 12 тамызда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ. Қазіргі уақытта Қарқаралы ауданы, Н.Әбдіров ауылдық округі, Жарлы ауылы, Сарыарқа көшесі, 39 үйде тұрамын.

    1970 жылы Қарқаралы ауданы, Нүркен совхозында №10 орта мектепке барып, 1980 жылы бітірдім.

    1987 жылы Алматы қаласындағы ауылшаруашылық институтына түсіп, 1995 жылы «Агрономия» факультетін бітіріп шықтым.

    1981 жылы Қарағанды облысы, Мигурин ауданынан әскер қатарына шақырылып, Отарда 14/891 әскери бөлімінде болдым.

    1982 жылы көктемде Түркіменстанда Мары қаласындағы 25/492 бөлімінде әскери бөлімінде әскери борышымды өтедім.

    1983 жылы 16.11.1983 №0265 әскери борышымды өтеп қайттым. Қазіргі кезде Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласындағы бөлімінде әскери бөлімінде тіркеудемін

    1984 жылы наурыз айында Қарқаралы ауданы, Бейбітшілік совхозында жылқышы болдым.

    1986 жылы мамыр айында Бейбітшілік совхозы, №1 бөлімшесіне бригадирдің көмекшісі болып ауыстым.

    1987 жылы тамыз айында Бейбітшілік созвозының №1 бөліміне агроном болдым.

    1987 жылы қыркүйек айында Алматы қаласындағы ауылшаруашылық институтына оқуға түстім.

    1990 жылы тамыз айында отбасылық жағдайға байланысты, сыртай оқу бөліміне ауыстым.

    1990 жылдың тамыз айында Бейбітшілік совхозының №1 бөлімшесіне агроном болып тағайындалдым.

    1990 жылдың желтоқсан айында №4 арендалық бригадаға агроном-есепші болып ауыстым.

    1994 жылы наурыз айында №1 бөлімшеге бөлімші меңгеруші болып ауыстым.

    1997 жылы желтоқсан айында «Бейсенбек» шаруа қожалығын құрдым.

    2005 жылы наурыз айында Қарқаралы ауданы, Жаңатоған селолық округінің жетекші маманы болып қызметке тұрдым.

    2008 жылы 30 әуірде Н.Әбдіров селолық округі әкімінінің аппаратына жетекші маман болып ауыстым.

    2009 жылы 13 сәуірде «Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерді аттестатциялаудан өткізу ережесі бойынша» 29/32 тармағына сәйкес жұмыстан босатылдым.

    2009 жылы 27 сәуірде Қарқаралы ауданының Жер қатынастары бөліміне бас маман ретінде қызметке қабылдандым.

    2011 жылы 12 желтоқсан айында Қарағанды облыстары және Ақмола қаласы бойынша жер инспекциясына ауыстым.

    2012 жылы 2 маусымында Қарқаралы ауданы жер қатынастары бөліміне жұмысқа ауыстым.

    2012 жылы 9 қарашасында Н.Әбдіров селолық округінің жетекші маманы болып ауыстым.

    2013 жылы 11 қыркүйекте Жаңатоған селолық округінің әкімі болып тағайындалдым.

    2017 жылы 09 тамызынан Н.Әбдіров ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып қызметке қабылдандым.

    2017 жылдың 23 қарашасынан Н.Әбдіров ауылдық округі әкімі болып қызмет атқарамын.

    Отбасылымын. 3 балам бар. «Nur Otan» партиясының мүшесімін.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері