Каратаев Ғалым Жалғасбайұлы

    Қарағаш ауылдық округінің әкімі

    Каратаев Ғалым Жалғасбайұлы
    Аким

    Каратаев Ғалым Жалғасбайұлы

    Қарағаш ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Каратаев Галым Жалгасбаевич — 1988 жылдың 3 тамызында Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, отбасылы.

    2009 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолы:

    2009 жыл – еңбек жолын «Зейнетақы төлеу жөніндегі орталық» РМҚК Ақтөбе облыстық филиалында жастар практикасы бойынша бастады.

    2010 жылғы ақпан – 2013 жылғы тамыз – осы мекеменің облыстық филиалы мен Ақтөбе қалалық төлем операциялары бөлімінде түрлі қызметтер атқарды.

    2013 жылғы тамыз – 2017 жылғы мамыр – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің Алға аудандық бөлімшесінің басшысы.

    2017 жылғы мамыр – 2018 жылғы қыркүйек – «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалының аталған департаменті басшысының орынбасарының міндетін атқарушы.

    2018 жылғы қыркүйек – 2020 жылғы тамыз – ҚР Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде №1 және №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің бас маманы және бөлім басшысы.

    2020 жылғы қыркүйек – 2021 жылғы сәуір – Алға аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін атқарушы.

    2021 жылғы сәуір – 2025 жылғы 18 мамыр – «Алға ауданы әкімінің аппараты» ММ-де аудан әкімінің көмекшісі және бас инспекторы.

    2025 жылдың 18 мамырынан бастап Қарағаш ауылдық округі әкімі