
Усмаханов Бакытбек Серикович
Көктау ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Усмаханов Бакытбек Серикович 1984 жылғы 1 наурызда Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Тасөткел кентінде дүниеге келген. Ұлты — қазақ. Білімі — жоғары. 2008 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2023 жылы Ақтөбе қаласындағы С. Бәйішев атындағы университетінің «Жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистратураны аяқтаған.
Еңбек жолын 2004 жылы бастаған.
Әр жылдары:
2004–2013 жж. — Ақтас орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;
2013–2015 жж. — Хромтау аудандық білім бөлімінде әдіскер;
2015–2016 жж. — Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімінде бас маман;
2016–2017 жж. — балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде оқу ісінің меңгерушісі;
2017–2018 жж. — балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры.
2018 жылғы қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Көктөу ауылдық округінің әкімі.