
Өмірбаян
Төлеуов Самат Еспағанбетұлы 1982 жылы 02 тамызда дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2003 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университетін «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2003-2008 жылдары Ақтөбе қаласындағы № 51 гимназиясының мұғалімі;
2008-2011 жылдары Ақтөбе қаласындағы «МИЗАМ» ЖШС-де, мастер, директордың орынбасары;
2011-2017 жылдары Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің орынбасары;
2017 - 2019 жылдары Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Алтықарасу ауылдық округі әкімі;
2019 жылы Ақтөбе облысы, Темір аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысының орынбасары;
2019-2023 жылдары Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылдық округі әкімінің орынбасары.
2023 жылдың 1 тамызынан бастап Темір ауданы Жақсымай ауылдық округі әкімі қызметіне тағайындалды.