
Өмірбаян
Умбеталиева Асет Конырбековна 17 сәуіде 1967 жылы Жамбыл Облысы Мойынқұм ауданы Көкжелек ауылында қызметкерлер отбасында дүниеге келген. Отбасылы. 3 баласы бар. Ұлы Аухабаев Ержан Кайратұлы Мойынқұм ауданы №18 өрт сөндіру бөлімінде қызмет атқарады, үлкен қызы Сармабетова Мөлдір Кайратқызы Тараз «Евразийский банкте, кіші қызы Аухабай Айгерім Кайратқызы Таргуде мұғалім, жолдасы Сарманбетов Кайрат Аухабаевич Мойынқұм ауданы №19 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде қарауыл болып жұмыс істейді.
1967 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Көкжелек ауылында Аманкелді атындағы орта мектебіне 1 сыныпқа барып,1984 жылы үздік бітіріп шыққан.
1984жылы Алматы қаласының Алматинский учетно кредитный техникумының госбанк бөліміне түсіп,1987жылы бітіріп шықты.
2006-2009 жылы Тараз қаласының «Аулиеата» университетінің қаржы бөлімін бітірді.
Еңбек жолын 1984 жылы Аманкелді атындағы қой совхозында «Комсомол» бригадасына жұмысшы,1987ж-2003 жылы Мойынқұм ауданының «Халық банкісінде» контролер, менеджер, зам гл бухгалтер, басшының орынбасары, аға кассир қызметін атқарған.
2003жылы Мойынқұм ауылдық округінде әлеуметтік қызметкер,қаржы агент,бас маман есепші,округ әкімінің орынбасары бүгінгі таңда әкімнің көмекшісі болып қызмет атқарады.





