
Бөлімнің бос лауазымы
"Солтүстік Қазақстан Облысы Есіл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" КММ басшысы
Өмірбаян
Аудан әкімінің 2025 жылғы 26 мамырдағы өкімімен кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Рамазанов Нұрмаш Ахметжанұлы тағайындалды.
Рамазанов Нұрмаш Ахметжанұлы 1978 жылы 21 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Совет ауданы Черкасское ауылында дүниеге келген , 2007 жылы Алматы технология және бизнес университетін Қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген. Отбасылық жағдайы: үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр .
Еңбек жолын 2000 жылдан бастап Алматы облысы, Қарасай ауданы бойынша Салық комитетінің салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі бөлімінің жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі секторы салық инспекторының міндетін атқарушы болып бастады .
Өзінің еңбек қызметі кезеңінде мынадай лауазымдарды атқарды : Қарасай ауданы бойынша Салық комитетінің салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі салық инспекторы, Көкшетау қаласы бойынша Салық комитетінің халықтан жергілікті салықтарды есепке алу және жинау бөлімі маманының м. а. , Қарасай ауданы бойынша Салық комитетінің жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі бөлімінің салық инспекторы, іс жүргізуші СҚО бойынша салық департаменті, СҚО бойынша Салық департаментінің жеке тұлғалар аудитінің жетекші маманының м. а., "Қазпошта" АҚ СҚОФ ҚЭН бас маманының м. а. г. Петропавл, Шал ақын РУПС бастығының м.а., Шал ақын РУПС бастығы, Петропавл қ. "Қазпошта" АҚ СҚОФ шаруашылық бөлімінің әкімшісі, "Қызылжар аудандық кәсіпкерлік бөлімі" ММ басшысының м. а., "Қызылжар аудандық кәсіпкерлік бөлімі "ММ басшысы.