
Өмірбаян
Жұбайхан Асалбек 1988 жылғы 6 ақпанда Моңғолияның Хэнтий аймағында дүниеге келген. 1991 жылы тарихи Отаны — Қазақстанға қоныс аударды. 2006 жылы Бұланды ауданының Колоколовка ауылындағы орта мектепті тәмамдады. 2008 жылы Алматы үздіксіз білім беру колледжіне «Құқықтану» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2010 жылы «заңгер» біліктілігімен тәмамдады.
Еңбек жолын 2010 жылғы 11 қазанда бастап, «DECGRUPkz» ЖШС-не заңгер болып жұмысқа қабылданды. 2013 жылы өз еркімен жұмыстан босатылды. 2014 жылғы 31 наурызда «Бұланды ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне іс жүргізуші болып қабылданды. Сол жылдың 1 маусымында өз еркімен қызметінен босатылды. 2015 жылғы 16 қарашада конкурс негізінде «Жұлдыз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы лауазымына қабылданып, 2022 жылдың қазанына дейін қызмет атқарды. 2025 жылдың наурызына дейін «Родниковский ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әкімі болып жұмыс істеді.
Отбасылық жағдайы: үйленген, 4 бала тәрбиелеп отыр.