
Рақышева Динара Болатқызы
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ басшысы
Өмірбаян
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ басшысының бұйрығымен «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ
басшысының міндетін уақытша атқарушы лауазымына қабылданды.
Рақышева Динара Болатқызы 1972 жылы 01 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы Шал-ақын ауданы Ақан-Барақ ауылында дүниеге келген.
К. Д. Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтын 1994 жылы «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы Солтүстік Қазақстан Университетінің Жоғары техникалық колледжінің тілдер кафедрасында аға лаборант болып бастады.
1994 жылдан 1997 жылға дейін СҚО Сергеевка ауданы Жаңасу орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
1997 жылдан 2000 жылға дейін СҚО Қызылжар ауданы Архангельск қосалқы мектеп-интернатының тарих және туған жер мұғалімі болып қабылданды.
2000 жылдан 2002 жылға дейін СҚО Қызылжар ауданының жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған ПДТ-мен балаларға арналған Архангельск түзету мектеп-интернатының орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі болып ауыстырылды.
2002 жылдан 2007 жылға дейін СҚО Петропавл қаласының «әл-Фараби» мектеп-лицейі» ММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі болып жұмыс істеді.
2007 жылдан 2011 жылға дейін СҚО «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернат» ММ директорының ғылым жөніндегі орынбасары және орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі.
2011 жылдан 2018 жылға дейін СҚО «Петропавл қаласының балалар үйі» КММ директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
2018 жылдан бастап осы тағайындауға дейін СҚО Петропавл қ. «Ғабит Мүсірепов атындағы № 43 орта мектебі» КММ директоры қызметін атқарды.
