
Өмірбаян
Қалабаев Жанбулат Көкенұлы, 20.03.1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы Октябрь ауылында туды,1980 - 1988 жылдары Октябрь ауылының орта мектебін бітірді ,1990 жылы Жаңажол ауылының жалпыбілім беретін орта мектебін бітірді, 1991 жылы Петропавл қаласындағы ДОСААФ оқуын бітірді, 26.06.1991-14.11.1992 жылдары Кеңес әскерінің қатарында қызмет етті, 2005 жылы "Заңгер" мамаңдығы бойынша, Көкшетау университетін бітірді.
1990 жылы, Ғ. Мүсірепов атындағы ауылының 2-ші бөлімшесінің жұмысшысы ретінде қабылданды.
15.12.1992 жылы 2 бөлімшесінің жүргізушісі ретінде жұмыс істеді.
03.01.1993 -19.12.1994 ж.ж. бірінші санаттағы механизатор болып істеді.
10.03.1995 - 04.07.2017 ж.ж. Ішкі істер бөлімінде қызмет етті.
25.07.2018 - 03.08.2020ж.ж. Ақкөл ауылдық округінің әкімі болып істеді.
28.08.2020 - 20.05.2021 ж.ж. Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің өрт сөндіру бөлімшелеріне техникалық қызмет көрсету бөлімі бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.