
Шаханов Мереке Зарубаевич
бас маман
Өмірбаян
Шаханов Мереке Зарубаевич 1970 жылы 14 мамырда Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданының Ақтасты ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Айрық совхозының орта мектебінің 1 сыныбын бітірді. 1988 жылы маусым айында аталған мектептің 10 сыныбын бітірді. 1991-1994 жылдардың қыркүйек айында Қарқаралы зооветеринария техникумына «Зоотехник» мамандығы бойынша оқуға түсті. 2004-2008 жылдары «Құқықтану бакалавры» мамандығы бойынша Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің сырттай бөліміне түсті. 1988 жылы 21 қарашада Қарағанды облысының Егіндібұлақ РВК Кеңес Армиясының қатарына шақырылды.
Еңбек жолын Айрық ауылында малшы болып бастаған. 2000 жылы «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарағайлы кенті әкімінің аппараты» ММ әскери-есептік үстел-инспекторы қызметін бастады. 2006 жылы «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарағайлы кенті әкімінің аппараты» ММ бас маманы қызметіне ауыстырылды. 2014-2022 жж. Қарағайлы кентінің әкімі - «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарағайлы кенті әкімінің аппараты». 2022-2023 жылдары «Қарқаралы ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бас маманы болып жұмыс істеді. 2023 жылдың ақпанынан маусымына дейін жалпы конкурс негізінде «Қарқаралы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ бастығы болып жұмыс істеді. 2023 жылдың маусымынан бастап бүгінгі күнге дейін «Қарқаралы ауданының Қарағайлы кенті әкімінің аппараты» ММ бас маманы болып жұмыс істейді.




