
Мусин Сабырбек Аманбекұлы
Аңқаты ауылдық округі әкімінің аппараты
Өмірбаян
Мусин Сабырбек Аманбекович 1982 жылы 14 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Ақжайық ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2000 – 2004 жылдары Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша және 2009 – 2012 жылдары Батыс Қазақстан гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тамамдаған.
Мусин Сабырбек Аманбекович 2004 жылдың қараша, желтоқсан айларында «Каризма» ЖШС-де, 2005 жылдың 5 мамырынан 2011 жылдың 25 мамырына дейін Аңқаты ауылдық округінің бас маманы. 2011 жылдың 25 мамырынан 2019 жылдың 1 тамызына дейін Шалқар ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды. 2019 жылдың 1 тамызынан 2019 жылдың 1 қазанына дейін Теректі аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып жасады. 2021 – 2023 жылдары аралығында Шалқар ауылдық округі әкімі қызметін атқарды. 2023 – 2025 жылдары аралығында Теректі аудандық «Теректі-Таза су» ЖШС директоры қызметін атқарды. 2025 жылдың 21 мамырынан бастап бүгінге дейін Аңқаты ауылдық округі әкімі лауазымында қызмет жасап жатыр.