
Абдалиев Бауыржан Нұрғалиұлы
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылында 1988 жылы дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі-жоғары.
2011 жылы Экономика және Статистика Академиясын «Қаржы», 2014 жылы Жамбыл гуманитралық техникалық университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2012 жылы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің штаттан тыс инспекторы болып бастаған.
02.2012-05.2012 жылдары Жуалы ауданы әкімдігінің білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің экономисті;
2012-2013 жылдары Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы;
2013-2016 жылдары Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы;
2016-2017 жылдары Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі;
2017-2020 жылдары Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі;
2020-2021 жылдары Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы.
2021 жылдың шілде айынан бастап Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округінің әкімі.