Бұжықаев Төлеген Серікұлы

    1

    Өмірбаян

    Бұжықаев Төлеген Серікұлы 1982 жылдың 24 маусымында Солтүстiк Қазақстан облысы Ленин ауданының Явленка ауылында дүниеге келген. 1999 жылы № 1 Явленка, аға мектебiн аяқтаған соң, Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжіне түсiп, оны 2001 жылы салық және салық салу мамандығы бойынша бiтiрiп шыққан.

    2002–2003 жылдары Солтүстiк Қазақстан облысы Есіл ауданының «Явленка селолық округі әкімі аппараты» ММ салық жинау жөніндегі маман.

    2003–2004 жылдары «Есіл ауданының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі» ММ жетекші маманның міндетін атқарушы.

    2004–2005 жылдары «Есіл ауданының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі» ММ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің бас маманы, 2005 жылдың тамыз айынан 2008 жылдың маусымы «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ әлеуметтік бағдарламалар секторының меңгерушісі.

    2008 жылдың 24 маусымынан бастап 2012 жылдың 16 наурызы аралығында «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бөлім бастығының орынбасары.